МЕДИЦИНА САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Кездесуді барысында Елбасы, Тұңғыш Президент Н.Назарбаев ел тәуелсіздігі жолында жасаған еңбектері мен сарабдал саясаткер екендігіне тоқталып, мерекелік құттықтаулар айтылды.
«Биылғы ауыр жағдай медицина саласының қызметкерлеріне аса ауыр жүк артты. Сағаттап жұмыс істеуге тура келген уақыттар болды. Бәріне мойымай, берген антына адал аққалатты абзал жандардың мәртебесі қашанда мақтауға тұрарлық» деді мереке қарсаңында арнайы барып құттықтаған Қ.Қыстаубаев. Қиындықтарға төзіп, барлық ауыртпалықты еңсеріп келе жатқан медицина қызметкерлеріне айтар алғысымыз шексіз. Мәртебелі мамандық иелерін мерекемен құттықтап, еңбектеріне табыс, отбасыларына амандық тілеп жиын қорытындыланды.
