МЕДИЦИНА САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРІ АҚЖІГІТОВ ТЫНЫШБЕК АҒАМЫЗДЫҢ ШАҢЫРАҒЫНДА
Маңғыстау облыстық маслихат депутаттығына кандидаттар өзім, Л.Мендыгалиева үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін канвассинг-кездесу өткіздік.
Маңғыстау ауданы, Тұщыбек ауылында 1942-жылы өмірге келген – медицина саласының ардагері Тынышбек Ақжігітұлы Алматы мемлекеттік медицина институтын (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) бітірген.
1965 – 88 ж. Маңғыстау ауданы емханасында дәрігер, бөлім меңгерушісі, бас дәрігердің орынбасары, 1988 – 93 ж. аудан орталық аурухананың бас дәрігері, бөлім меңгерушісі болды. Еңбек Қызыл Ту орденімен (1981), «В.И. Лениннің туғанына 100 жыл» медалімен (1970), «КСРО денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісімен (1975) марапатталған.55 жыл халықты емдеп , қазіргі күнге дейін жұмыс жасап келе жатырған ардагер Тынышбек Ақжігітұлы Ақжігітовтың шаңырағында , сайлау алды бағдарламаларымен таныстырып, облыс бойынша халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға арналған басты бағыттар туралы айттық. Алдағы сайлаудың абыройлы өтуіне тілектестік білдірген Тынышбек ағамыз "Nur Otan" партиясына дауыс беретінін айтып, ақ батасын беріп, жұмыстарымызға сәттілік тіледі.
Киікбай Жақыпұлы

