Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

МЕДИЦИНА, БІЛІМ САЛАЛАРЫНА БАСЫМ КӨҢІЛ БӨЛІНЕДІ

Бүгін Түркістан облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар: Абіш Дулатбек Назарбекұлы, Нұрмаханов Ерлан Зайпұлы, Өміртай Амалбек Дәркенұлы Теспе ауылының тұрғындарымен «Есіктен есікке» акциясын өткізді.

— Еліміз Тәуелсіздік алғалы бері талай шыңды бағындырып келеміз. Еліміздің әр аймағы гүлденіп, көркейіп келеді. Тұғындардың әл-ауқатын арттыру мақсатында түрлі жұмыс орындары ашылды, жұмыссыз азаматтардың саны азайып келеді. Инфрақұрылымдық жұмыстар бойынша жолдар асфальтталды, мектептер, ауруханалар салынды, еліміздің көп аймақтары газбен, ауыз сумен қамтамасыз етілді. Еңбек етемін, кәсібімді ашамын деген азаматтарға көптеп жағдай жасалуда. Кешегі Қазақстан қандай, бүгінгі Қазақстан қандай. Осыдан-ақ еліміздің едәуір алға жылжығанын білеміз. Осыншама жетістіктерге жетуге «Nur Oran» партиясының ықпалы мол. Елбасымыздың, Мемлекет басшысының сарабдал саясатының арқасында осындай күнге қол жеткіздік. Өзге мемлекеттермен достық қарым-қатынас құрдық. Партиямыздың алдағы 5 жылға жоспарлаған бағдарламасында барлығы жан-жақты қамтылған. Еліміздің әр аймағында құрылыс нысандары бой көтереді. Мектептер салынады, жолдар асфальтталады. Астанамыз секілді Түркістан қаласы да күн санап көріктене түсуде, — дей келіп, Дулатбек Назарбекұлы жекелеген азаматтарды «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

Азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты – өңірдің әлеуметтік-экономикалық тұрақты дамуының көрсеткіші. «Nur Otan» партиясы алдағы жылдары денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік салада сапалы қызметтерге қол жеткізе отырып, аудан тұрғындарының өмір сүру жағдайын арттыруға күш салады.

Ордабасы аудандық сайлауалды штабының басшысы, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әлиасқар Бердімұрат үгіт-насихат жұмыстарын бірге жүргізді.

0
0
287

Еще по теме

МЕДИЦИНА, БІЛІМ САЛАЛАРЫНА БАСЫМ КӨҢІЛ БӨЛІНЕДІ - Yvision.kz