Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

"МАЙЛЫКЕНТ" БПҰ ІІІ ОРЫНДЫ ИЕЛЕНДІ

28.01.2021 жылы Шымкент қаласындағы ескі облыс әкімдік ғимаратында өткен салтанатты іс-шарада "Үздік бастауыш партия ұйымы" Республикалық байқауда облыстық дәрежеде үшінші санатта 500-ден жоғары партия мүшесі бар Түлкібас ауданы атынан "Майлыкент" БПҰ төрағасы - Мусралиев Алимжан Асқарұлы ІІІ орын иеленіп марапатталды. Салатанатты марапатты Түркістан облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары - Тәжібаев Бейсенбай Дәулетұлы табыстады. "Майлыкент" бастауыш партия ұйымының осы жеткен жетістіктеріне партия филиалы атынан алғысымызды білдіріп, биіктердер көрінуін тілейміз.

Бастауыш партия ұйымы заңды тұлға болып табылмайды және ереженің негізінде әрекет етеді, өз қызметіндепартия жарғысын және бағдарламалық құжаттарды, жоғары тұрған партия органдарының шешімдерін басшылыққа алады. БПҰ мақсаты - партияның жарғылық мақсаттары мен міндеттерін, бағдарламалық құжаттарын халық арасында түсіндіру және іске асыру, сондай-ақ партия мүшелері мен жоғары тұрған партия құрылымдарының арасында тұрақты кері байланысты қамтамасыз ету болып табылады.

0
0
264

Еще по теме

"МАЙЛЫКЕНТ" БПҰ ІІІ ОРЫНДЫ ИЕЛЕНДІ - Yvision.kz