Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

«МАЙЛЫКЕНТ АГРО» ЖШС ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ

23.11.2020 жылы аудандық партия филиалының Саяси кеңес мүшелері «Майлыкент Агро» ЖШС еңбек ұжымымен 2020-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық даму бағдарламасын іске асыру барысын талқылау бойынша кездесу өткізді. «Майлыкент Агро» ЖШС 2016 жылы Жабатаев Берік Қамысбекұлының бастамасымен құрылған. «Nur Otan» партиясы Түлкібас аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары "Майлыкент-Агро" шаруа қожалығында болып, ішкі атмосферасымен танысып қайтты. "Майлыкент-Агро" ЖШС төрағасы Берік Жабатаев шаруашылықтың тыныс-тіршілігімен таныстырып, болашаққа құрып отырған мақсат-жоспарларымен бөлісті. Сонымен қатар, Түркия, Оңтүстік Корея елдерінен алдырған ауыл шаруашылығына тиімді заманауи технологиялармен таныстырды. Европа елдерінбе болып, тəжірибе жинап келген Берік Қамысбекұлы мемлекет экономикасының моторы - ауыл шаруашылығы екеніне тоқталып өтіп, алдағы уақытта елімізде осы саланың өркендеуіне күш салу керектігін айтты. Түлкібас ауданында сүт класстері белсенді дамып келеді. Әр түрлі серіктестіктер осы саланың дамуына ықпал етеді. Солардың бірі - «Майлыкент Агро» ЖШС. 2018 жылы ЖШС мемлекеттен 106 миллион теңге көлемінде жеңілдікпен несие алып, Ресейден және көршілес Жамбыл облысынан симменталь тұқымынан 100 бас сауын сиыр сатып алды. Бүгінгі күні ірі қара саны 150 басқа жеткізілді, орташа есеппен олар күніне 360-400 литрге дейін сүт алады. Майлылығы 4,1% құраса, ал белогы 3,4% сүт аудандық «Майлыкент-сүт» сүт өңдеу зауытына литрі 130 теңгеден сатылады. Шаруашылықтың тағы бір ерекшелігі - өрескел мал азығын өндіру. Биылғы жылы 48 гектарға жүгері егіліп, 300 тоннаға дейін өнім алынған, 50 гектар бидайдың әр гектарынан 33 центнер өнім алынған. Серіктестік төрағасы Берік Жабатаевтың айтуынша, жыл соңына дейін серіктестік Венгриядан сүт өндірісінің 200 бас голштейн-фризе ірі қара малын әкеліп, одан бөлек биыл Швециядан сиыр сауатын жаңа қондырғылар алуды жоспарланып отыр. Осы атқарып жатқан жұмыстары бойынша мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауларға және алынып жатқан субсидияларға өз тарапынан алғысын білдіруде.

0
0
146

Еще по теме

«МАЙЛЫКЕНТ АГРО» ЖШС ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ - Yvision.kz