Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

«Мастексай» БПҰ есеп беру-сайлау жиналысы

Бүгін «Nur Otan» партиясының «Мастексай бастауыш партия» ұйымының мүшелерінің кезекті жиналысы қашықтан өткізілді.

Бүгінгі жиналысымызға «Nur Otan» партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Р.А.Саматов және «Мастексай бастауыш партия» ұйым мүшелері қатысты.

Бүгінгі жиынның күн тәртібінде 3 мәселе ұсынылды:

1.2019-2020 жылдары БПҰ атқарған жұмыстары туралы есеп және алдағы кезеңге арналған міндеттер.

Баяндамашы: «Мастексай бастауыш партия» ұйымының төрағасы Е.Н.Тлепбергенов

2.Саяси кеңестің бюро құрамын сайлау.

3.Партияның тиісті аудандық конференциясына делегаттар сайлау.

«Мастексай бастауыш партия» ұйымының төрағасы Е.Н.Тлепбергенов өз баяндамасында партия мүшелері бастамасымен атқарылған жұмыстарға тоқтала отырып,алдағы міндеттерімізді атап өтті. Қазіргі уақытта біздің «Мастексай бастауыш партия» ұйымында 65 мүше бар.

Бізге ел тағдыры үшін жауапкершілік жүктелген. Партиямыз өзінің құрылған күнінен бастап адамның, қоғамның және мемлекеттің дамуына жасалатын жағдайды жақсарту мақсатымен экономика мен саясатта ауқымды реформаларды тұрақты түрде жүзеге асырып келеді. Біздің партияластар ел алдындағы жауапты қызметтерін абыроймен атқарып, қоғамның бүкіл тыныс-тіршілігінде белсенділік танытуда.

2. Екінші мәселе бойынша «Nur Otan» партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Р.А.Саматов сөз сөйледі.

3.Үшінші мәселе бойынша партияның тиісті аудандық конференциясына қатысуға делегат болып С.Мухамбетжанова, А.Еслямгалиев сайланды.

1
0
135

Еще по теме

«Мастексай» БПҰ есеп беру-сайлау жиналысы - Yvision.kz