Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

Маскүнем монологы

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Иверс Вигнерс «Мираж»

Бейнематериал авторы – Нұрлан мен Мұрат «Жұлдызым»

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте - http://vk.com/public56982889

       

Бәрі өтті басымнан, тұра алмадым,

Қарсы келіп тағдырға, сан құбылған.

Бұл ішімсіз, бір күнде, жүре алмадым,

Арақ болды, тек ойымнан табылған.

 

Болып едім, менде жақсы азамат,

Күш қуатым, жетуші еді өзіме.

Бұлт түсті ме, қайдан ұрды бұл сағат,

Сыйым кетті, күлкі болдым әркімге.

 

Біреу жатар, сөгіп, төгіп сөзімен,

Қиындыққа төзу керек, білем мен.

Қиын екен, өтіп жатса көзімнен,

Жолдас-жора, мазақ қылған сөзімен.

 

Бұл аянба, шошыдым мен, ұйқымнан,

Жалғыз өзім, жалғыз өзім қалыппын.

Кім бұл, арман ба, әлде дұшпан?

Қысып жатыр, аямастан басымнан.

 

Батты-ау, менің жаныма, неге осылай?

Мен құладым, мынау шайқаста шыдамай.

Сырласу ма, жалғыздық па, жалған-ай,

Әттең-әттең, тағдыр ұрды аямай.

 
1
1
1211

Еще по теме

Маскүнем монологы - Yvision.kz