Перейти к содержимому

«Мәселе шешу 200 мың теңге»: Маңғыстауда пара алған мемқызметкер ұсталды

Маңғыстауда шетелдіктен 200 мың теңге пара алған мемлекеттік мекеменің сотталды

Түпқараған аудандық соты Маңғыстау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ директоры М. Қайранбаевқа қатысты үкім шығарды. 

Ол Өзбекстан Республикасы азаматының жұмысқа орналасуға жәрдемдесу сылтауымен 200 мың теңге мөлшерінде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. 

Сот үкімімен оған 2 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ, сотталған адам мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойы айырылды.


Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

0
0
479

Еще по теме

«Мәселе шешу 200 мың теңге»: Маңғыстауда пара алған мемқызметкер ұсталды - Yvision.kz