Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

МАРАТ БАЙДІЛДАҰЛЫНА ЖАУАП.

МАРАТ ЖАЗЫПТЫ: Тәңіршілдікті ұстанғандар, мықты болсаңдар бір аят түсіріп көріңдерші?!

МӘКЕ!, осы кәзір ғана жазғандарыңды оқып шықтым, жауап бермесем болмайтындай ойлардың тізбегі бар болғандықтан, міндетті түрде ролик жазып жауап берем, рахмет.

Ал АЯТ түсіріңдерші деген уәжіңе айтарым, былай.

Біз, Савов, Иегова, Бог немесе Раббы секілді жаратушыларымен хабарласып, ауық ауық «қасиетті хабар» алып отыратын Еврей мен Араптың өтірікті суша сапыратын тұқымынан емеспіз, өтірік айтпайтындарданбыз.

Біз Аруағымыздан әрең дегенде АЯН аян алып, алған Аянымызды жария етіп әлемге айта бермейтін Қазақ есімді жұмбақ ұлттың қара домалақ ұрпағымыз, арлыларданбыз.

Сөздің шыны: Малка айтса -АЯТ, Аруақ айтса -АЯН деп қорытып, АЯН АЯТТАН кем емес дейтін ұрпақтанбыз.

Түсірсем түсірейін, сыбағасыз дастархан болмайды, керулен астауда бір АЯН!

АЙТТЫМ АНЫҚ, АЯНЫ.

О Азамат! Таңір ол, дін дінгек, қазақтығың содан.

Адаспа, ауытқыма, сенделме, Аян ал.

Саналық тұғырдан шешім қабылда, ой түз.

Көкейіңе қонғанды зерделе, Аруағыңнан үйрен.

Аянымды шығынға шығарма, тозақтан табыласың.

Жамандықтан аулақ, Адам етіп жаратқам, дана бол.

P.S.

Бұл жердегі «МАЛКА» ислами түсінік, Таңірше -Періште.

Ал «ТОЗАҚ» Таңірлік ұғым, исламда -Жаһаннам.

Бұл іс не Қабыл болар, не Абыл болар.

Өмін Таңірлік Құдайым, өмін

0
0
1244

Еще по теме

МАРАТ БАЙДІЛДАҰЛЫНА ЖАУАП. - Yvision.kz