Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

Марапаттау

жұмысына қатысқан штаб мүшелері мен партия белсенділеріне "Nur Otan" партиясының көшбасшысы, Елбасы, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Алғыс хаттарын салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті.Салтанатты шарада сөз сөйлеген аудандық сайлауалды штаб төрағасының орынбасары Жантасов Бауржан Алдабергенұлы партияластарды сайлаудағы жеңіспен құттықтап, науқан кезінде озық қызмет атқарып, белсенділік көрсеткен озаттарға Елбасының Алғыс хатын табыстады. Сайлауалды науқан кезінде ауқымды үйлестіру және ұйымдастыру жұмыстары жүргізіле отырып, 247 ден астам іс-шара өткізілген болатын.Марапатталғандардың арасында әр түрлі мамандықтар мен қызмет салалары бойынша партия мүшелері, аграрлық сектор, мәдениет, білім беру, бұқаралық ақпарат құралдары және т.б. өкілдері бар. Бұл біздің мемлекетіміздің, партияның бағытын қолдауға бағытталған, өз елінің патриоты және оның өркендеуіне жұмыс жасайтын азаматтар!Марапатталғандардың арасынан сөз алған Атанов Алмас Алдабергенұлы "Nur Otan" партиясының жеңісі болып табылатын жемісті жұмысы үшін барлығына алғысын білдіріп, партияның саясатын жүргізе беретінін жеткізді.

0
0
264

Еще по теме

Марапаттау - Yvision.kz