Марапаттау
«Nur Otan» партиясының аудандық филиалының ғимаратында, Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлау науқанын ұйымдастыруға және өткізуге елеулі үлес қосқан партияның белсенді мүшелері Елбасы, партия Төрағасы Н.Назарбаевтың Алғыс хатымен марапатталды. Жиынға ауданымыздың белсенді азаматтары, партия ардагерлері мен мүшелері мен «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері қатысты.
Ауданымызда саяси науқан кезінде жұмыс жасаған штаб мүшелері Алғыс хатқа ие болып, аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Айтжанов оларға марапаттарын табыс етті. Өз кезегінде Қ.Айтжанов үгін-насихат кезінде жастардың да атқарған еңбегі ерекше екенін айтып, партия төрағасының Алғыс хаттарын табыс етті.
