Маңғыстаудағы мемлекеттік қызметтің дамыту: Департамент басшысы тұжырымдаманың басымдықтары туралы айтты
Қазақстанның мемлекеттік қызмет жүйесі жаңа кезеңге қадам басты. Мемлекет басшысы «Мемлекеттік қызметті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын» бекітті. Бұл құжаттың негізгі мақсаты — мемлекеттік басқаруды азаматтардың қажеттіліктеріне барынша бейімдеп, заманауи талаптарға сай өзгерту.
Әлемдік тәжірибені негізге ала отырып, мемлекеттік қызметті дамыту
Тұжырымдама аясында заманауи басқару тәсілдерін енгізу арқылы мемлекеттік қызметті халыққа барынша қолайлы ету көзделіп отыр. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы Жұмағұлов Тоқтамыс Қадошұлының айтуынша, бұл бастамалар елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер етеді.
«Біз мемлекеттік қызметтің сервистік және клиентке бағдарлану қағидаттарына негізделген модельін құруды мақсат еттік. Бұл мемлекеттік басқарудың тиімділігі мен ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді», — деді ол.
Жастарды мемлекеттік қызметке тарту
Жастардың мемлекеттік қызметке қызығушылығын арттыру үшін тұжырымдама аясында ерте кәсіптік бағдарлау институтын құру жоспарланып отыр. Мектеп пен университет деңгейін қамтитын бұл бастама болашақ мамандарды ерте анықтап, оларға бағыт-бағдар беруді көздейді. Жоғары оқу үлгерімі мен қоғамдық белсенділік танытқан жастар мемлекеттік органдарда конкурссыз жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болады.

Мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктерін күшейту, мансаптық өсу мүмкіндіктерін арттыру және мемлекеттік басқаруды цифрландыру мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы Тоқтамыс Қадошұлынан сұрап білдік.
Жуырда Мемлекет басшысыменмаңызды стратегиялық құжат ҚР«Мемлекеттік қызметті дамытудың 2024-2029 жылдарға» арналған тұжырымдамасыбекітілді. Тоқтамыс Қадошұлы, мемлекеттікқызметті одан әрі дамыту да қандайбағыттарға басымдылық берілмек?
-Қазақстан РеспубликасыПрезидентінің Жарлығымен, Мемлекеттікқызметті дамытудың 2024 - 2029 жылдарғаарналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегіжоспары бекітілген болатын.
Жүргізіліп жатқан реформалардың серпіні, халықтың қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық өмірін жаңғыртуға, азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға,- бағытталған. Енгізіліп жатырған өзгерістердің нәтижесі мемлекеттік қызметті одан әрі дамыту қажеттілігін көздейді.
Қоғамдық сұраныстардың кез-келген көріністеріне жауап бере алатын,- ең тиімді тетіктерін іздеу, мемлекеттік қызметті дамытудың әртүрлі модельдері мен басымдықтарының үйлесуіне әкеледі.
Әлемнің жетекші елдерінің басқару практикасында қалыптасқан заманауи трендтерге сүйене отырып, мемлекеттік қызметтің сервистілік және клиентке бағдарлану қағидаттарына негізделген моделін құруға бағыт алынды. Бұл басқару практикасы, - мемлекеттік қызмет алушыларға бағдарлану бойынша барлық қолайлы жағдай қалыптастыру болып табылады.
Бұл процесс - әкімшілік рәсімдерді түбегейлі өзгерту және цифрландыру, мемлекеттік басқарудағы командалық-әкімшілік тәсілдерден бас тарту бойынша, қабылданып жатқан шаралармен қатар жүргізілуде.
Бүгінде мемлекеттік қызметті іріктеуді цифрландыру арқылы барлық азаматтар үшін оның қолжетімділігі мен ашықтығы қамтамасыз етілуде. Тұжырымдамада Адам ресурстарын басқаруды одан әрі цифрландыру басым бағыттарының бірі ретінде көрсетілген екен. Осыған тоқталып өтсеңіз.
-Мемлекеттік қызметтегі HR-процестерді тиімді басқару елеулі дәрежеде,-кадр қызметтерінің жұмысына байланыстыболып отыр. Бүгінде, мемлекеттік қызметте -персоналды басқаруда екі мыңға жуық қызметкер жұмыс жасауда, алайда Бұл салада бейінді білімі бар мамандар іс жүзінде жоқ десек болады. Олардың жұмысы, негізінен,- кадрлықәкімшілендіруге бағытталған, бұл олардың қызметінің көп бөлігін алады.
Осыған байланысты персоналды басқару қызметтерінің жұмысын стратегиялық кадрлық жоспарлауды іске асыруға, сондай-ақ құзыретті кадрларды тартуға және ұстап қалуға қайта бағдарлау өте маңызды болып отыр. Ол үшін операциялық функциялардың көлемін, оның ішінде автоматтандыру арқылы азайту, қызметкерлердің құзыреттілік деңгейін арттыру қажет. Бұл әкімшілік басқарудан,- адам ресурстарын басқарудағы стратегиялық тәсілге өтуге көмектеседі.
2016 жылдан бастап "Е-қызмет" жүйесітолыққанды жұмыс істейді, соңғы жылдары қабылданған шаралардың арқасында оның мүмкіндіктері біршама кеңейтілді. Нәтижесінде күнделікті міндеттерді шешу жеңілдетілді, қызметкерлерді іріктеу және бағалау рәсімдерін оңтайландырылды, қажетті деректерге жылдам қол жеткізу, сондай-ақ бұзушылықтар азайтылды.
Тұжырымдамаға сәйкес жастарды мемлекеттік қызметке тарту үшін ерте кәсіптік бағдарлау институтын құру қарастырылған. Осы бастама жайлы айтып өтсеңіз?
-Жастарды мемлекеттік органдарға тарту үшін, мектеп және университет деңгейін қамтитын ерте кәсіптік бағдарлау институты құрылады. Қатысушыларды іріктеу өлшемшарттары жоғары академиялық оқу үлгерім мен қоғамдық өмірге белсенді қатысуды қамтиды.
Кадрларды даярлауға арналған мамандықтарды уәкілетті орган айқындайды және жаңартатын болады.
Бағдарламаның түлектері мемлекеттік органдардағы бастапқы лауазымдарға конкурссыз орналаса алады.
Қатысушыларға қолдау көрсету мен оларды бақылау үшін бағдарламаның барлық процестері мен деректері цифрландырылатын болады.
Тұжырымдамада мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктерін күшейту мәселесі де қарастырылған екен. Мемлекеттік қызметшілерге, мемлекеттік қызметке орналасуға ынталы азаматтар үшін бұл мәселе маңызды ғой. Қандай шаралар іске асырылмақ?
-Мемлекеттік қызметшілердің еңбекақы төлеу көзін ескере отырып, олардың салық салынатын кірісін оңтайландыру мәселесі пысықталып жатыр. Сондай-ақ жұмыс көлемін ескере отырып, демалыс және мереке күндері үстеме жұмыстарға қаражатты нысаналы бөлу үшін мемлекеттік органдардың еңбекақы төлеу қорына бюджет шығыстарын қалыптастыру және жоспарлау жұмыстары жүргізілуде. Бұл ретте бірқатар мемлекеттік қызметшілерге өндірістік қажеттілікке қарай мемлекеттік органның бастамасы бойынша еңбекақы төлеуді қысқарта отырып, жұмыс күнін қысқартуға мүмкіндік берілетін болады. Бұдан басқа, әлеуметтік медициналық сақтандыруды, спорттық-сауықтыру кешендеріне қолжетімділікті, психологиялық қолдауды, мемлекеттік қызметшілер мен олардың отбасылары үшін корпоративтік бағдарламаларын енгізу бойынша ұсыныстар жоспарлануда. Материалдық емес ынталандыру ретінде онлайн-курстарға, кітапханаларға, менторлық бағдарламаларға және жеке консультацияларға қол жеткізуді мемлекеттік қызметшілердің өзін-өзі оқытуы мен өзін-өзі дамытуын қолдау жүйелері, сондай-ақ мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілі үшін қосымша демалыс күндері ұсынылатын болады. Ерікті ротацияны қоса алғанда, лауазымдық ауысулар нәтижесінде басқа өңірге қоныс аударған мемлекеттік қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері үшін ынталандыруды арттыру және әлеуметтік кепілдіктер жүйесін енгізу шеңберінде алдыңғы тұрғылықты жерімен салыстырғанда өмір сүру жағдайларының ықтимал нашарлауын өтеу үшін тұрғын-үй, мектепке дейінгі балалар мекемелеріндегі орындар және басқа да қажетті қызметтерді ұсыну тетіктерін қарастыру жоспарлануда. Әлеуметтік кепілдіктер жүйесі барлық қызметшілердің санаттары үшін кезең-кезеңімен кеңейтілетін болады.
Бұрын елімізде мемлекеттік қызметшілер төменнен жоғары ғана өсу мүмкіндігіне ие болса жаңа Тұжырымдамаға сәйкес енді деңгейлес мансаптық ілгерілеу, яғни көлденең ілгерілеу енгізіледі екен. Оның артықшылықтары неде? Осы мансаптық ілгерілеулерге қатысты өзгерістерге тоқталып өтсеңіз.
-Мемлекеттік қызметшілерді кәсібилендіруде жолындағы кедергілерді жою үшін сатылас және деңгейлес даму жолдарын біріктіретін мансаптық өсудің гибридті моделіне көшу ұсынылады.
Деңгейлес өсу мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалау, оқыту және тағылымдамадан өту негізінде өз лауазымы шеңберінде дамуына мүмкіндік береді, бұл өз саласында сарапшы ретінде дамуға ұмтылатын мемлекеттік қызметшілердің мүдделерін ескеретін болады.
Деңгейлес өсу мемлекеттік қызметшілерге бір лауазым санаты шеңберінде әртүрлі сыныптарды алу мүмкіндігін ашады. Санат бойынша ілгерілеуге қойылатын талаптар ассессмент, оқу және тағылымдама нәтижелерімен расталатын функционалдық құзыреттерді, сондай-ақ қызметшінің тиімділігін бағалау нәтижелерін қамтиды. Ғылыми дәрежесі, философия докторы (PhD) дәрежесі, бейіні бойынша доктор немесе магистр дәрежесі мемлекеттік қызметшілерді сыныптарды алу кезінде біліктілігін арттыру және тағылымдамадан өту қажеттілігінен босатады.
Ішкі кадрлық орын ауыстыру жүйесін жетілдіру шеңберінде аумақтық бөлімшелер мен ведомстволардан орталық мемлекеттік органдарға ауыстыру тәртібімен, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар үшін қызметшілерді тағайындау мүмкіндіктерін кеңейту ұсынылады.
Тұжырымдама аясында жүзеге асыру жоспарланып отырған басқада тағы қандай өзгерістерге тоқталар едіңіз?
-Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама түбегейлі қайта қаралатын болады. Ең алдымен, ол мемлекеттік қызметтің алдында тұрған міндеттерді, оған қойылатын талаптарды, ең соңында мемлекеттік қызметтің миссиясы мен мақсатын бекітіп береді.
Мұндай өзгерістер мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамалық актінің мақсаттары мен міндеттерін қайта бағдарлауға алып келеді. Олар тек еңбек қатынастарын реттеумен, яғни мемлекеттік қызметке кіру, өткеру және тоқтату мәселелерімен шектелмейді.
Заңнамалық актінің негізін мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқының клиентке бағдарланған моделін белгілеу жөніндегі міндеттер құрайтын болады.
Бұл мемлекеттік қызметшілер кәсіби қызметінде ұстануға тиісті талаптар жиынтығын заңнамада бекіту арқылы мүмкін болады
Мемлекеттік қызметті жаңғырту жұмысы мемлекеттік қызметшілердің де саналы түрде өзгеруін қажет ететіні сөзсіз. Адамға бағдарланған мемлекеттік қызметті қалыптастыруда мемлекеттік қызметшілердің азаматтардың талап-тілектеріне сапалы жауап беру, адалдық, әділдік принциптерін жан-жақты ілгерілету бағытында қандай жоспарларыңыз бар?
-Мемлекеттік қызметті дамыту мынадай қағидаттарға негізделетін болады:
- ашықтық және айқындық: барлық жұмысқа орналасу және ілгерілету рәсімдері мүмкіндігінше ашық және көпшілікке түсінікті болады;
- меритократия: мемлекеттік қызметке іріктеу және қызметі бойынша ілгерілету сіңірген еңбегіне, құзыретіне және кәсіби дағдыларына негізделеді;
- икемділік: мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін жаңа икемді тәсілдерді, инновациялар мен технологияларды енгізу;
- үздіксіз оқыту: мемлекеттік қызметшілердің біліктілігі мен жұмыс тиімділігін арттыру үшін оларды кәсіби дамыту;
- клиентке бағдарлану: озық жұмыс істеу, түпкілікті нәтижеге бағдарлану және қолжетімділікті қамтамасыз ету;
- прагматизм: практикалық пайда мен тиімділікке қол жеткізу үшін әртүрлі құралдарды қолданудың басымдығы;
- жауапкершілік және есептілік: азаматтар мен мемлекет алдында қабылданған шешімдері мен іс-әрекеттері үшін мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін күшейту. Жұмыста жоғары әдеп стандарттарын сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимыл.
Бұл қағидаттар мемлекеттік қызметті тиімдірек, қолжетімді ете отырып, және қоғамның қажеттіліктеріне бағдарлай отырып, оны одан әрі дамытудың және жаңғыртудың негізі болады.
