Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

Мамандармен кездесу.

Бүгін «Nur Otan » партиясы аудандық филиалында «Дария», "Маңғыстау жылу,су" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарының басшылары мен «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Маңғыстау газ шаруашылығы, «МРЭК» АҚ-ның жауапты жауапты мамандарымен кездесу өтті. Сондай-ақ, жиынға жергілікті "Жаңа өмір" газетінің, Маңғыстау аудандық адалдық алаңының өкілдері қатысты. Жиынды «Nur Otan » партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ордабаева Айбарша Асамадинқызы жүргізіп отырды. Халыққа қызмет көрсетіп отырған мекеме басшылары жыл ішінде атқарған жұмыстары мен қазіргі ахуалы жөнінде баяндады. Атқарылған жұмыстарды бағамдай келе, халық арасында көтеріліп жүрген мәселелер қойылып, шешілу жолы талқыланды. Алдағы уақытта тұрғындар тарапынан көтерілетін мәселелерді уақытылы орындалу керектігі айтылды Жоғарыда аталған мекемелердің қызметіне қатысты ұсыныс-пікірлеріңіз бен сауалдарыңызды осы парақшада қалдыруларыңызға болады. Тиісті басшылар туындаған мәселелер бойынша жауап береді.

0
0
136

Еще по теме

Мамандармен кездесу. - Yvision.kz