МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАҢЫЗЫ
Өздеріңіз білетіндей, республика тұрғындарының саны күн санап өсіп келеді, өмір сүру сапасы жақсарып, сәйкесінше, басқа факторлардан бөлек автокөлік иелері санының да тұрақты молаюы байқалады. Қазақстандық автокөлік иелерінің уақыты мен қаражатын айтарлықтай үнемдеу мақсатында арнайы халыққа қызмет көрсеті орталықтары – арнайы мамандандырылған ХҚКО ашылды. Мұндай ХҚКО-ның ерекшелігі – мұнда жүргізуші куәлігін алу, автокөлікті тіркеу және нөмірлік белгіні беру бойынша қызметті ұсынатындығында. ҚР Президентінің бастамасымен қолға алынған жоба көптеген бұлтартпас артықшылықтарға ие.
Аталмыш орталықтарда төмендегідей қызмет түрлері көрсетіледі:
1. тіркеу туралы куәлік пен мемлекеттік нөмірлік белгіні бере отырып, автокөлік құралын тіркеу;
2. жолда жүру ережелері мен автокөлікті жүргізу бойынша теориялық және практикалық емтихандарды қабылдау;
3. жүргізуші куәлігін дайындау және беру.
Мұндай орналасу аймақтық автотұрақтың үлкендігі мен тиісті алаңдардың болуымен шарттастырылған. Әдеттегі ХҚКО секілді арнайы ХҚКО да «бір терезе» қағидасымен жұмыс істейді, осылайша, қазақстандық жүгізушілер қажетті құжаттарды кешенді түрде ала алады. Қазақстандықтарға көрсетілетін қызметті арнайы ХҚКО-ға енгізу үшін, оны орындау үрдісі барынша автоматтандырылды. Осылайша, жүргізуші куәлігін алу уақыты 6 сағаттан 2 сағатқа қысқартылды, ал нөмір мен техникалық құжатты арнайы ХҚКО-да 1 сағат ішінде алуға болады. Автокөлікті арнайы ХҚКО-да тіркеу барысында жүргізушілерге өтініш бланкілерін толтыру, үй кітапшасының көшірмесін әкелу, анықтама қағаздарын жинау қажет болмайды, оның орнына орталық операторлары жүргізуші жөніндегі тиісті мәліметтерді дерекқордан өздері таба алады. Арнайы ХҚКО жұмысында адами фактор толығымен жоққа шығарылады, себебі бағаны орталық компьютер береді. Қандай да бір жолмен көмектесуге, күн ілгері белгілі болған нұсқаны енгізуге болмайды, өйткені бірнеше камералардан ұдайы бейнебақылау жүргізіліп отырады.
Орталықта тірі кезекті болдырмау үшін сенімді электрондық жүйе көзделген. Қызметтерді төлеуді банк арқылы тікелей құжаттау рәсімі кезінде немесе әдеттегідей банк кассаларын пайдалану арқылы жүзеге асыруға болады.
Орталық Тараз қаласы, Төле би көшесі 198 А мекен-жайында орналасқан. Аптаның дүйсенбі-сенбі аралығы, 9.00-ден 18.00-ге дейін. Барлық сұрақтарыңызды, шағымдарыңыз бен тілектеріңізді 87262 55-55-10 телефоны арқылы немесе 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға болады.
Тараз қалалық Мамандандырылған ХҚКО-ның инспекторлары
Р.Ыбышева, Б.Максутов

