МАЭК-КАЗАТОМПРОМДАҒЫ КЕЗДЕСУ
Nur Otan партиясының бірінші орынбасары Бауыржан Қыдырғалиұлы Байбек Маңғыстаудың "жүрегі" болып есептелетін "МАЭК-Казатомпром" ЖШС ұжымымен кездесті. Кездесу барысында Б.Байбек партияның өткен жылдарда жеткен жетістіктерін айта келіп, оның алға қойған басымдықтарына кеңінен тоқталды. Әсіресе алдағы бес жылда білім, денсаулық саларында қолға алынатын жұмыстарды атап өтті. Мысалы медицина қызметкерлерінің жалақысының 2,5 есе, педагогтардың еңбекақысының 2 есе өсетінін, аймақтарда заманауи 22 медициналық орталық, 800 жаңа мектеп салынатынын, жоғары білімге арналған грандтардың санын 50%-ға көбейетінін және басқа да міндеттер айтылды. Кездесудің соңында Бауыржан Қыдырғалиұлы еліміздің өркендеуі, аймақтардың қарқынды дамуы Қазақстанда тыныштық болғанда, әр отбасында, әр ұжымда, әр елді мекенде ұйымшылдық пен бірлік болғанда іске асады деді. Кездесу барысында энергокомбинат қызметкері "Қошқар Ата" ойпатындағы улы қалдықтарды тазалау жөніндегі жұмыстарды партия өз қадағалауына алса деген аманат айтты. Жиналыс еркін, ашық форматта өтті. Кездесуге елге белгілі азамат Тұрсынбек Қабатовта қатысты.
Қиындықтарды еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!
#NurOtan
#edilzhangbyrshin
Nur Otan Маңғыстау облысы
Nur Otan Aktau


