Мади Мусин
Мади Мусин. 1931 ж. бұрыңғы Тайпақ ауданы, қазіргі Ақжайық ауданы, Базартөбе ауылында дүниеге келді.
Ауыл шаруашылығының маманы. 50 жылдардың басында еңбек жолын мал дәрігері болып бастады. Базартөбе МТС-да аға мал дәрігері қызмет жасады.
1955-1959 ж.ж аудандық комсомол ұйымын басқарды. 1959-1963 ж. Есенсай совхозы партия ұйымының хатшысы. 1963-1967ж. Орал қаракөл софхозында партия ұйымының хатшысы. 1967-1970 ж. Тайпақ аудандық атқару клмитеті төрағасының ауылшаруашылығы жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды.
1970-1990 ж. Орал қаракөл совхозының, кейін КСРО-ның 50 жылдығы атындағы совхоздың директоры болды.
М.Мусиннің ауылшаруашылығындағы еңбектері бағаланып, "Октябрь революциясы", "Еңбек Қызыл Ту" ордендерімен, "Тың игерушілердің 50 жылдығы", "Ұлы Жеңістің 60 жылдығы" медальдарымен марапаттылды.
