Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

26 сәуір күні аудан әкімдігінің үлкен залында лездеме отырыс өтті. Отырысқа аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мажитова төрағалық етіп, аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, аудандық бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері (ZOOM арқылы) және БАҚ өкілдері қатысты.

Лездеме отырыстың күн тәртібінде әртүрлі ағаштар мен гүлдер, дәнді дақылдар егу жұмыстары, қараусыз жүрген иттер мен ауылшаруашылығы жануарларына және қоғамдық жерде заңсыз қоқыс тастау жағдайларына толтырылған хаттамалар мен айыппұлдар көлеміне қатысты, 2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу туралы мәселелер қаралып, сәйкесінше, Қараөзен ауылдық округінің жеке кәсіпкерлік басшысы Нұрлыбай Айдынов, аудандық полиция бөлімі басшысы Әзілхан Қайырханов, аудандық статисика басқармасының басшысы Әділбек Лұқпанов баяндама жасады.

Отырыс төрайымы Зәйлім Исатайқызы күн тәртібіндегі мәселелердің маңыздылығы ескеріліп, баяндамашыларға қойылған сұрақтарды да назарға ала отырып бөлім басшылары мен аулдық округ әкімдеріне тиісті тапсырламалар берді.

0
0
130

Еще по теме

МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ - Yvision.kz