МАҢҒЫСТАУЛЫҚ ЖАСОТАНДЫҚТАР БАУЫРЖАН ҚЫДЫРҒАЛИҰЛЫ БАЙБЕКПЕН КЕЗДЕСТІ.
Партия төрағасының бірінші орынбасары @baibekbk облысымызға жұмыс сапарында жастармен кездесті. Үгіт-насихатқа белсенді қатысып жатқан жастарға алғысын жеткізіп, серпіліс берді.
«20 жылдың ішінде «Jas Otan» жастар қанаты 100 мың жастың басын қосатын ең үздік ұйым ретінде қызмет атқарып келеді. Сайлауалды үгіт науқанына 15 мың жас қатысып, 6,5 миллион үгіт-насихат парақтарын халыққа таратуға осы жасотандықтар атсалысуда. Іске сәт, жастар!» - деді бірінші орынбасар.
