МАҢҒЫСТАУЛЫҚ ЖАСОТАНДЫҚТАР БАУЫРЖАН ҚЫДЫРҒАЛИҰЛЫ БАЙБЕКПЕН КЕЗДЕСТІ
«20 жылдың ішінде «Jas Otan» жастар қанаты 100 мың жастың басын қосатын ең үздік ұйым ретінде қызмет атқарып келеді. Сайлауалды үгіт науқанына 15 мың жас қатысып, 6,5 миллион үгіт-насихат парақтарын халыққа таратуға осы жасотандықтар атсалысуда. Іске сәт, жастар!» - деді бірінші орынбасар.
⠀
Жастармен кездесуге қатысқан Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тұрсынбек Қабатов болса: «Жастардың осындай іске араласып, тәжірбие жинауы үлкен өнеге. Үнпарақтар тарату, акция бойынша үйлерді аралау, тұрғындармен сөйлесу арқылы жастар көп нәрсені үйренеді. Біз сіздерге сенеміз! Біз бірге жеңіске жетеміз. "Nur Otan" алға!" - деп науқандық жұмыстарына сәттілік тіледі.
⠀
Жастармен болған кездесуде ән де, жастарға өнегелі әңгіме де айтылды. Бастысы, жеңіске бірге жетеміз!
Алға Nur Otan!








⠀
#Jenimpazbol #Bizbirgemiz
#NurOtan #JasOtan #NurOtanMangystau
