Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

МАҢҒЫСТАУДЫҢ ҚҰРЫЛЫСШЫСЫМЕН КЕЗДЕСУ

Түстен кейін Жаңабай Сүйіндіков ағамды іздеп бардым. Кеңсесінде екен. Ұстаз тұтам, әрі ағам, қадірлеп сыйлайтын кісім. Құрылыстан бастап банкирлікке дейін атқарған нағыз бесаспап маман. Бүгінде ақылшымыз, көпті көрген көреген ағамыз.

Жаңабай ағамыз қоғам дамуы мен халық ахуалын жетік білетін адам ғой, ел жағдайынан көп әңгімелестік.

"Маңғыстауда қордаланған мәселе жоқ. Бар мәселенің шешімі табылатын мәселелер. Газ да, ауыз су да, тұрғын үй де, жұмыссыздық та оңтайлы ой мен сауатты шешімдерді күтіп тұр.

Жалпы, қиындатып отырғандар жоқ емес. Бар. Газ тапшылығы қолдан жасалған, ауыз судың мәселесін шешуді кешеуілдету немесе шапшаң шешуге тырыспау бар. Оны жасырмау керек.

Халық екі есе өсті. Дер кезінде шешімдер қабылдануы керек еді. Тұрғын үй, жұмыссыздық мәселелері де дәл қазір шешуді талап етіп тұр! Шешу керек! Ертең шешілмейді. Ертең шиеленіседі!" деді көпті көрген азамат.

Жаңабай ағаның бір қасиеті адаммен жәй әңгімелеіп отырып-ақ қанаттандырып жіберетіні. Қуат пен күшке толы сөздерінен құлшынып, қуанып шықтым!

Аман болыңыз, Жақсы аға!

#NurOtan

#ЕлІшінде

#СаматМусабаев

#БізБіргеміз

#ЖеңіскеБіргеЖетеміз

0
0
157

Еще по теме

МАҢҒЫСТАУДЫҢ ҚҰРЫЛЫСШЫСЫМЕН КЕЗДЕСУ - Yvision.kz