Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

МАҢҒЫСТАУДА ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ САРАПШЫЛЫҚ КОМИССИЯНЫҢ 7 ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Өңірде пайдалы қазбаларды барлауға және өндіруге арналған 230 келісімшарт жасалған,

24 лицензия тіркелген. Жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сарапшылық комиссияның 7 отырысы өтті. Оның ішінде 50 өтініш қаралып, заң шеңберінде шешімдер қабылданды. Бұл туралы Маңғыстау облысының Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте МО Жер қатынастары басқармасының Асқар Дүзмағанбетов.

«11 айда 18 аукцион өткізіліп, көлемі 45,6 га құрайтын 152 жер учаскесі 399 млн теңгеге сатылса, 5 конкурс ұйымдастырылып, ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерден көлемі 122,7млн. гектар құрайтын 205 жер учаскесі уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен жеке және заңды тұлғаларға табысталды. Қалған жерлер бойынша аукциондар осы ай соңында өткізілетін болады. 2020 жылдың 11 айында облыс бойынша алғашқы нарықта кәсіпкерлік мақсатта жалпы көлемі 189,8 га құрайтын 309 жер учаскесі жеке меншікке сатылды. Тұрғын үй құрылысы үшін жалпы көлемі 5,4 га құрайтын 79 жер учаскесі 25,9 млн. теңгеге сатылды»,-деді Асқар Дүзмағанбетов.

Айта кетейік, жер қатынастары саласында барлығы 13 мемлекеттік қызмет көрсетілетін болса, соның ішінде 11 қызмет түрі автоматтандырылып, «Е-лицензия» ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілуде. Осы жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 164 өтініш қаралды. Оның 100-і қанағаттандырылып, 64 өтініш қолданыстағы заңнамаларға сәйкес келмеуіне байланысты қанағаттандырусыз қалдырылды.

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында, жер қатынастары саласы бойынша ақпараттар мен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді цифрландыру шаралары орталық атқарушы органдар арқылы іске асырылуда. Қазіргі кезде жер қатынастары саласы бойынша ақпараттар мен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер «Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі» (АИС ГЗК) Qoldau.kz веб-порталы www.gosreestr.kz «Е-лицензия» ақпараттық жүйесі арқылы көпшілікке қол жетімді.

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КОММУНИКАЦИЯ ОРТАЛЫҒЫ

0
0
192

Еще по теме

МАҢҒЫСТАУДА ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ САРАПШЫЛЫҚ КОМИССИЯНЫҢ 7 ОТЫРЫСЫ ӨТТІ - Yvision.kz