Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

МАҢҒЫСТАУДА ҚҰС ТҰМАУЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА 3400 БАС ҚҰС ВАКЦИНАЛАНДЫ

Маңғыстау облысында құс тұмауы тіркелген жоқ. Дегенмен инфекцияны таратушылар болып табылатын жабайы жыл құстары қонақтайтын теңіз жағалауындағы, үй шаруашылықтарындағы 3400 бас құс вакцинациялаудан өткізілді. Бұл туралы Маңғыстау облысының Қоғамдық коммуникация орталыңында өткен брифингте МО Ветеринария басқармасының басшысы Шамғали Хамиев мәлім етті.

«Жануарлардың аса қауіпті сібір жарасы құтыру, оба, күл, шешек, пастереллез, брадзот, эхинококкоз, т.б. 12 түрлі ауруға қарсы 652 990 доза препарат егілді. Жануарлардың бруцеллез, туберкулез, эпизоот. эпидимит, листериоз, лептоспироз, хламидиоз, құтыру, сібір жарасы секілді 7 аса қауіпті жұқпалы ауруға 632 158 қан сынамалары тексерілді. Аса қауіпті аурулар анықталған жоқ»,- деді Шамғали Хамиев.

Бұдан бөлек, облыс аумағында 2019 жылдың күз айларында және 2020 жылдың бас кезінде болған түйенің күл ауруынан тазартылды.

«Ветеринариялық көмекке жүгінген 2 379 бас түйе сауықтырылды. 396 қора жайлар зарарсыздандырудан өткізілді. Қазіргі біздің облыс түйенің күл ауруынан таза аймақ болып табылады»,- деді Шамғали Хамиев.

Облыста ауыл шаруашылығы жануарларын сырғалау, чиптеу және мәліметтерін арнайы электронды базаға енгізу жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді. Облыс бойынша 23 888 мүйізді ірі қара, 415 993 мүйізді ұсақ мал, 85 498 жылқы, 72 996 түйе, барлығы 605 375 бас мал ветеринариялық есепке алынып, электронды базаға енгізілген.

2020 жылы өңір бойынша ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру бойынша-1, ветеринариялық анықтама беру бойынша – 2 400, ветеринариялық паспорт беру бойынша – 28 237, барлығы 30 637 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КОММУНИКАЦИЯ ОРТАЛЫҒЫ

0
0
140

Еще по теме

МАҢҒЫСТАУДА ҚҰС ТҰМАУЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА 3400 БАС ҚҰС ВАКЦИНАЛАНДЫ - Yvision.kz