МАҢҒЫСТАУДА І ЖӘНЕ II ДЕҢГЕЙЛІ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ СТАЦИОНАРЛАРДА 65 НАУҚАС ЖАТЫР
Маңғыстауда 08 желтоқсандағы жағдайға сәйкес I-II деңгейлі инфекциялық стационарда 65 адам ем қабылдап жатыр. Бұл туралы Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығы хабарлайды.
Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 65 науқастың ішінде 11-адам коронавирусқа тапсырған сынама оң нәтиже көрсеткен.
Қазіргі уақытта орта дәрежелі жағдайда 52, жағдайы ауыр халде 10 науқас, өте ауыр хәлде 3 науқас бар.
Бұл бөлімге түскендердің нашарлауына жедел тыныс жетіспеушілігі және ілеспе аурулардың болуы себеп.
Бүгінде аймақтың оқшаулау орындарындағы төсек-орын жүктемесі 16 пайызды құрайды.
Облыс көлемінде 412 инфекциялық І-ІІ сатылы төсек орын бар. Сондай-ақ, реанимациялық төсек саны 54.
Анықтамасыз шетелден келген Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарына арналған карантиндік стационарларда барлығы 270 төсек орын бар.
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КОММУНИКАЦИЯ ОРТАЛЫҒЫ
