Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

МАҢҒЫСТАУДА І ЖӘНЕ II ДЕҢГЕЙЛІ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ СТАЦИОНАРЛАРДА 53 НАУҚАС ЖАТЫР

Облыстың денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, сол 53 науқастың ішінде 12-де коронавирусқа тапсырған сынама оң нәтиже көрсеткен.

Қазіргі уақытта орта дәрежелі жағдайда 40, жағдайы ауыр халде 11 науқас, өте ауыр хәлде 2 науқас бар.

Бұл бөлімге түскендердің нашарлауына жедел тыныс жетіспеушілігі және ілеспе аурулардың болуы себеп.

Бүгінде аймақтың оқшаулау орындарындағы төсек-орын жүктемесі 13 пайызды құрайды.

Облыс көлемінде 412 инфекциялық І-ІІ сатылы төсек орын бар. Сондай-ақ, реанимациялық төсек саны 54.

Анықтамасыз шетелден келген Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарына арналған карантиндік стационарларда барлығы 270 төсек орын бар.

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КОММУНИКАЦИЯ ОРТАЛЫҒЫ

Еще по теме

МАҢҒЫСТАУДА І ЖӘНЕ II ДЕҢГЕЙЛІ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ СТАЦИОНАРЛАРДА 53 НАУҚАС ЖАТЫР - Yvision.kz