МАҢҒЫСТАУДА І ЖӘНЕ II ДЕҢГЕЙЛІ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ СТАЦИОНАРДА 115 НАУҚАС ЖАТЫР
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 115 науқастың, 48-і коронавирусқа тапсырған сынама оң нәтиже көрсеткен.
Қазіргі уақытта орта дәрежелі жағдайда 106, жағдайы ауыр халде 6 науқас, өте ауыр хәлде 3 науқас бар.
Бұл бөлімге түскендердің нашарлауына жедел тыныс жетіспеушілігі және ілеспе аурулардың болуы себеп.
Бүгінде аймақтың оқшаулау орындарындағы төсек-орын жүктемесі 26 пайызды құрайды.
Облыс көлемінде 444 инфекциялық І-ІІ сатылы төсек орын бар. Сондай-ақ, реанимациялық төсек саны 54.
Анықтамасыз шетелден келген Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарына арналған
карантиндік стационарларда барлығы 270 төсек орын бар.
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КОММУНИКАЦИЯ ОРТАЛЫҒЫ
