Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

МАҢҒЫСТАУДА 6 МЫҢНАН АСТАМ МӘДЕНИ ШАРА ОНЛАЙН ӨТТІ

Бұл туралы Маңғыстау облысының Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте МО мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Пәния Сармурзина мәлім етті. Оның айтуынша әлеуметтік желілер (ютуб, инстаграм, фейсбук) арқылы спектакльдер, тікелей сұхбаттар, шығармашылық бейнебаяндар (проза, поэзия, өлеңдер) көрермен назарына ұсынылды.

«Әлемдік індетпен күреске жұмылған ел-жұртымыздың ынтымақ-бірлігін бейнелей отырып, қоғамның азаматтық позициясын өнер арқылы көрсету, азаматтық және қызметтік борышын орындау жолында демалыссыз жұмыс істеп, барлығы 6 мыңнан астам іс-шара өткіздік. Тәуекелге бел буған жандардың жанқиярлық еңбегіне алғыс білдіру мақсатында облыстық «БІЗ БІРГЕМІЗ!» тақырыбында отбасылық суретшілер онлайн-байқауы өткізілді. Сонымен қатар, Абайдың ән мұрасын ел арасында кеңінен насихаттап, өскелең ұрпаққа Абай әндері арқылы көркем сөз бен тілдің құдіреттілігін ұғындырып, олардың вокал жанрына қызығушылығын арттыру мақсатында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар» атты облыстық әншілер онлайн-конкурсы өткізілді»,-деді МО мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Пәния Сармурзина.

0
0
130

Еще по теме

МАҢҒЫСТАУДА 6 МЫҢНАН АСТАМ МӘДЕНИ ШАРА ОНЛАЙН ӨТТІ - Yvision.kz