МАҢҒЫСТАУДА 6 МЫҢНАН АСТАМ МӘДЕНИ ШАРА ОНЛАЙН ӨТТІ
МАҢҒЫСТАУДА 6 МЫҢНАН АСТАМ МӘДЕНИ ШАРА ОНЛАЙН ӨТТІ
Елде жарияланған төтенше жағдайға байланысты мәдени ошақтары қашықтан жұмыс жасап, іс-шаралар онлайн режимде өтті. Бұл туралы Маңғыстау облысының Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте МО мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Пәния Сармурзина мәлім етті. Оның айтуынша әлеуметтік желілер (ютуб, инстаграм, фейсбук) арқылы спектакльдер, тікелей сұхбаттар, шығармашылық бейнебаяндар (проза, поэзия, өлеңдер) көрермен назарына ұсынылды. «Әлемдік індетпен күреске жұмылған ел-жұртымыздың ынтымақ-бірлігін бейнелей отырып, қоғамның азаматтық позициясын өнер арқылы көрсету, азаматтық және қызметтік борышын орындау жолында демалыссыз жұмыс істеп, барлығы 6 мыңнан астам іс-шара өткіздік. Тәуекелге бел буған жандардың жанқиярлық еңбегіне алғыс білдіру мақсатында облыстық «БІЗ БІРГЕМІЗ!» тақырыбында отбасылық суретшілер онлайн-байқауы өткізілді. Сонымен қатар, Абайдың ән мұрасын ел арасында кеңінен насихаттап, өскелең ұрпаққа Абай әндері арқылы көркем сөз бен тілдің құдіреттілігін ұғындырып, олардың вокал жанрына қызығушылығын арттыру мақсатында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар» атты облыстық әншілер онлайн-конкурсы өткізілді»,-деді МО мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Пәния Сармурзина. _______
СВЫШЕ 6000 КУЛЬТУРНЫХ МЕРОПРИЯТИЙЙ ПРОШЛИ ОНЛАЙН В МАНГИСТАУ
В связи с объявленной в стране чрезвычайной ситуацией культурные учреждения работали удаленно, мероприятия проходили в режиме онлайн. Об этом на брифинге в Центре общественных коммуникаций Мангистауской области сообщила руководитель управления культуры, развития языков и архивного дела Пания Сармурзина. По ее словам, через социальные сети (ютуб, Instagram, фейсбук) были представлены спектакли, интервью, творческие клипы (проза, поэзия, стихи).
"Всего мы провели свыше 6056 мероприятий. Объединившись в борьбе с мировой эпидемией, мы продемонстрировали через искусство свою гражданскую позицию, выполнили гражданский и служебный долг. В рамках акции «Біз біргеміз»проведен онлайн-конкурс семейных художников. Кроме того, в целях популяризации песенного наследия Абая, художественного слова и языка среди населения проведен областной онлайн-конкурс певцов «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар», посвященный 175-летию Абая», - рассказала руководитель управления культуры, развития языков и архивного дела области Сармурзина.
