Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ ДӘРІ БАҒАСЫН ҚАДАҒАЛАУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕТІН БАСТАМАҒА ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ

МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ ДӘРІ БАҒАСЫН ҚАДАҒАЛАУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕТІН БАСТАМАҒА ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті мен "Маңғыстау - адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің бастамасымен, Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығының қолдауымен Ақтау қаласының дәріханаларына препараттардың шекті бағасы туралы ақпарат жазылған QR кодтар ілінуде. Ілінген парақшаларда парацетамол, ингавирин, аспирин кардио, ацетилсалицил қышқылы мен антигриппин таблеткаларының шекті бағасы көрсетілген. Сондай-ақ, ілінген парақшадағы QR кодты телефоныңызға енгізу арқылы басқа да дәрі-дәрмектің шекті бағасын біле аласыз. Егер дәрі-дәрмектің бағасы шектен тыс көтерілген болса, парақшада көрсетілген номерлер мен арнайы органдарға хабарласа аласыз. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың шекті бөлшек бағалары көрсетілген ақпараттық материалдар өңірдің барлық дәріханаларына орналастырылатын болады.

1
0
149

Еще по теме

МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ ДӘРІ БАҒАСЫН ҚАДАҒАЛАУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕТІН БАСТАМАҒА ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ - Yvision.kz