МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ОБЛЫСТЫҚ, ҚАЛАЛЫҚ ЖӘНЕ АУДАНДЫҚ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБЫ
11 желтоқсан мен 8 қаңтар аралығында жұмыс жасайтын штабтың қоғамдық қабылдау бөлмелерінде «Nur Otan» партиясы атынан тізімге енген кандидаттар, сондай-ақ, партияның сенім білдірген азаматтары тұрғындарды онлайн-форматта, жеке, телефон арқылы да қабылдайды.
Қоғамдық қабылдаудың алғашқы күні «Nur Otan» партиясының Маңғыстау облыстық сайлауалды штабының басшысы Елубай Әбілов қабылдау өткізді.
11 желтоқсан күні облыстық сайлауалды штабтың қоғамдық қабылдау бөлмесіне барлығы 41 тұрғыннан өтініш келіп түсті. Атап айтар болсақ, жазбаша түрде 16, ауызша түрде 8, телефон арқылы 16, электронды пошта арқылы 1 сұрақ.
Өтініштерге талдау жасасақ, тұрғындарды негізінен әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері көбірек алаңдататыны белгілі болды. 2 мәселе жер және тұрғын үй бөлу, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бойынша 6 сұрақ, жұмыссыздық бойынша 5 мәселе айтылды. Сондай-ақ кәсіпкерлік, білім, денсаулық салалары бойынша да тұрғындардың көкейтесті сұрақтары қойылды. Нәтижесінде 22 өтінішке түсініктеме беріліп, 19-ы бойынша жұмыстар басталды.
«Nur Otan» партиясының Маңғыстау облыстық сайлауалды штабының басшысы Елубай Әбіловтың айтуынша, қоғамдық қабылдаулар – партияның тұрғындармен кері байланысының және азаматтардың құқықтарын қорғаудың негізгі құралдардың бірі болып табылады.
Қабылдауға жазылу үшін төмендегі нөмірлерге хабарласуға болады:
📷 8 (7292) 42 97 37, 8 778 387 46 43
