Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ ҚАНАҒАТ ҚАБИҰЛЫ СУЕБАЕВПЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ.

Кездесу барысында Қ.Суебаев салауатты өмір салтын, ұлттық спорт құндылықтарын және оны дамыту перспективалары жайында түсінік берді.

Қ.Суебаев ұлттық спорт түрлеріне жеке-жеке тоқталып өтті. Атап айтар болсақ, көкпар, асық ойыны, құсбегілік, теңге ілу, жамбы ату, аударыспақ, қазақша күрес, бәйге және тоғызқұмалақ сынды ұлттық спорт түрлерінің қыр-сырларын айтып, тың ақпараттармен бөлісті.

Одан бөлек, облыс көлемінде ұлттық спортты дамыту бағытында қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын және алдағы уақытта атқарылатын жұмыс жоспарларымен бөлісті. Тек облыс көлемінде ғана емес, аудан бойынша да бірнеше жобалар іске асыру жоспары бар екендігін айтты.

Қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, тұшымды жауаптар алынды. Кездесу соңында аудан жастары тарапынан ұсыным-пікірлер айтылды.

1
0
273

Еще по теме

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ ҚАНАҒАТ ҚАБИҰЛЫ СУЕБАЕВПЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ. - Yvision.kz