Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

МАҚТАЛЫ ЕЛДІҢ ЖАСТАРЫ ДА ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСЫН ЖҮРГІЗУДЕ

2021 жылдың 10 қаңтары күні өтетін жергілікті мәслихат пен мәжіліс депутаттарын сайлауға қатысты үгіт-насихат жұмыстары басталып та кетті. Әр партия өз үміткерлерін ұсынып, бағдарламаларымен елді таныстыруда. Саяси додада «Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық филиалы өзінің іс-шарасын бекітіп, жоспарға сәйкес үміткерлер жер-жерлерде сайлаушылармен кездесуде.

Бұқараның базынасын билікке жеткізетін «Nur Otan» партиясының жанынан құрылған «Jas Otan» жастар қанатының мүшелері де үтіг-насихат жұмыстарынан қалыс қалмауда. Ел аралап, кенттер мен ауылдық округтердегі халық жиі жүретін жерлерде, базарлар мен сауда орындарында партияның сайлауалды бағдарламасындағы басымдықтарды үнпарақшалар арқылы жұртқа таратуда. Мемлекеттік қамқорлықтар мен әлеуметтің әлеуетін арттыруға арналған бағдарламаларды түсіндіріп, тұрғындарды «Nur Otan» партиясын қолдауға шақыруда.

0
0
138

Еще по теме

МАҚТАЛЫ ЕЛДІҢ ЖАСТАРЫ ДА ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСЫН ЖҮРГІЗУДЕ - Yvision.kz