МАҚТААРАЛДЫҚ СПОРТШЫЛАР «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫН ҚОЛДАЙДЫ
Спорттың ел денсаулығына оң әсерін тигізетінін жақсы білетін Елбасымыз, «Nur Otan» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің жыл сайынғы халыққа жолдаған жолдауларында салауатты өмір салтын ұстанып, бұқаралық спортты дамытуға, дене шынықтыру мәселелеріне ерекше көңіл бөліп келді. Өйткені, спорт – мемлекеттің мәртебесін, ұлттың намысын айқындайтын көрсеткіш. Соның нәтижесінде еліміздің барлық ауылдары мен елді мекендерінде заман талабына сай зәулім спорт ғимараттары салынып, ірі халықаралық жарыстарды өткізе бастадық.
Міне, осы мақсатта біздің Мақтаарал ауданындағы жалпы орта мектептердің спорт залдарын ауыл жастары демалыс күндері тиімді пайдаланып, спорттық жарыстар өткізіп келеді. Мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің жетекшілігімен арнайы спорттық үйірмелер тұрақты түрде жұмыс істеп жатыр.
Мен өзім де ауылдың қарапайым отбасынан шыққан қызбын. Елбасымыздың бізге жасаған осындай мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып, бүгінде бірқатар спорттық жетістіктерге қол жеткіздім. Сол үшін де Тәуелсіз Қазақстанымыздың Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа өз алғысымды білдіремін және еліміздің барша жастарын 2021 жылдың 10 қаңтарында өтетін сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдап дауыс беруге шақырамын.
Біз, Мақтааралдық спортшылар «Nur Otan» партиясын қолдаймыз!
Махсуда ДЖАППАРОВА,
«MARLIONS» жауынгерлік клубының ММА тұжырымы бойынша халықаралық әмбебап жекпе-жектердің женімпазы,
Әлемнің бірнеше дүркін чемпионы
