МАҚТААРАЛДА САЙЛАУАЛДЫ ШТАБ АШЫЛДЫ
“Nur Otan” партиясы Мақтаарал аудандық филиалының ғимаратында партияның сайлауалды штабы ашылды. Салтанатты ашылуға партия ардагерлері, партия белсенділері, “Jas Otan” жастар қанатының мүшелері мен еріктілер қатысты.
“Партия штабының ашылуы – партияның халықтық, елдік партия екенінің тағы бір дәлелі. Мұнда біз тек сайлауалды бағдарламамыздың үгіт-насихат жұмыстарымен ғана емес, бұрынғысынша халықты қабылдау, ұсыныс-пікірлерін тыңдау жұұмыстарымен де айналыса береміз. Бір жақты жұмыспен шектелмейтін боламыз” деді штаб төрағасының орынбасары, партия ардагері Әбдіманап Байдуллаев.
Ал, “Nur Otan” партиясы Мақтаарал аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, штаб төрағасы Досым Асабаев штаб мүшелері мен жақтастарына сәттілік тілеп, саяси додада жеңіске жетуде бірігіп жұмыс жүргізуге шақырды.
