МАҚТААРАЛДА ДА ПАРТИЯЛЫҚ ТІЗІМ ЖАСАҚТАЛДЫ
10 қарашда «Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының кезектен тыс XХХVIII конференциясы өтті. Конференцияны аудан әкімі, аудандық партия филиалының төрағасы Б.Асанов ашып, жүргізіп отырды. «Nur Otan» партиясының Жарғысына сәйкес өткізілген жиынға бастауыш партия ұйымдарынан 42 делегат сайланған. Конференция жұмысын жүргізу үшін әуелі басшылық органдары, атап айтқанда, жұмысшы төралқасы, мандат комиссиясы, есеп комиссиясы, конференция хатшылығы сайланды. Конференцияның күн тәртібінде: 1. «Nur Otan» партиясының Мақтаарал ауданы бойынша Сайлауалды бағдарламасын бекіту туралы; 2. Түркістан облыстық мәслихатына дебат қорытындысы бойынша кандидаттарға дауыс беру туралы; 3. «Nur Otan» партиясынан Мақтаарал аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша партиялық тізімді бекіту туралы; 4. «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының кезектен тыс XХХХ конференциясына делегаттарды сайлау туралы мәселелер қаралды. Күн тәртібін қараудан бұрын мандат комиссиясының төрағасы Р.Оразов хабарлама жасады. Мұнан соң күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша «Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Д.Асабаев хабарлама жасап, партияның Мақтаарал ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша пікірсайысқа қатысатын кандидаттар ортаға шақырылып ашық дебат өткізіп, сайлауалды бағдарламаларымен таныстырды. Дебат аяқталысымен кандидаттар үшін онлайн дауыс берілді. Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша Мақтаарал аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша партиялық тізім бекітілсе, төртінші мәселе бойынша облыстық партия филиалының кезектен тыс ХХХХ конференциясына делегаттар сайланды. Конференцияны қорытындылаған аудандық партия филиалының төрағасы, аудан әкімі Б.Асанов партияластарға алғысын білдірді.
