Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

МАҚСАТЫМ - ХАЛЫҚҚА АДАЛ ҚЫЗМЕТ ЕТУ

Шыны керек, сайлауға түсейін деген ойым болған жоқ еді. Сіздер сенім артып жатырсыздар. Сол сенімдеріңізді ақтауға тырысамын. Егер мен депутат болып сайлана қалсам, сайлауалды бағдарламамда көтерген мәселелерді "Nur otan" партиясындағы әріптестеріммен, жергілікті билікпен бірлесіп шешуді басты мақсатым етіп қоямын! Сайлаушылар алдында берген уәдемді ұмытып кетпей, ай сайын екі рет осы жерде депутат ретінде қандай жұмыстар атқарып жатқаным жайлы халыққа есеп беріп, сіздер көтерген мәселелерді тыңдап, оны шешуді басшылыққа аламын. Мәселелерді кезегімен ақпарат көздерінде, әлеуметтік желілерде, билік өкілдерімен кездесулерде қашан шешімін тапқанша қозғай беремін.

Сайлауға алғаш түсіп жатқан мен де, партиялас әріптестерім де бұған дейін халықты алдап, абыройымызға нұқсан келтіріп көрген жоқпыз. Біз жылы сөзбен алдарқату үшін емес, депутат ретінде адал қызмет етіп, аудан тұрғындарының мұң-мұқтажын шешуге аз да болса өз ықпалымызды тигізейік деген ниетпен түсіп отырмыз. Сол себепті сіздерді "Nur otan" партиясына дауыс беруге шақырамын!

0
0
101

Еще по теме

МАҚСАТЫМ - ХАЛЫҚҚА АДАЛ ҚЫЗМЕТ ЕТУ - Yvision.kz