МАҢДАЙДАҒЫ ЖАЗУ...
Күндегі шаруам таңғалу…
Таңғалу күнделікті шаруаға айналды.
Себебі маған: «Ей Тоқтар Абыз, Аллахның бұйрығынсыз шөптің басы қимылдамайды. Сондықтан көргеніңмен көреріннің барын, маңдайынға Аллахым жазып қойған, өзгертемін десеңде өзгермейд, сондықтан тауваға кел, маңдайдағы жазуды өшірем деме, орындалады, оны Аллахым кешіреді» - деп, Хафиз деген діндар, хат жазып жіберіпті.
Таңғалдым, таңғалып отырмын, таңғалып жатырмын…
Таңғалғанда түсінгенім: Аллаһтың маңдайға жазған жазуы орындалатын болғандықтан мойынсұнуымыз керек, маңдайына жазылған жазуды толық орындағандарды Аллаһ кешіреді.
Ұқтымда, адам баласы жасайтын, кейбір жағымсыз қаракеттердің қандай түрлерін кешіруге тура келетіндігі жайлы, санамалап жаза бастадым. Қысқа қайырып жазғандағы санамамның, нәтижесі былай болып шықты.
САТҚЫН. Туған жерді қалай болса солай телім телім етіп сатып жымысқы пұл тауып отырған кез келген сатқын қазақты, аллаһтың маңдайына жазған жазуды орындаушы деп, адалдап алуымыз керек екен.
САУДАГЕР. Маңдай терін төкпей, біреуден арзан алып, халыққа үстемелеп сатып, тендр ұтып, салған үйі ай тұрмай құлап, халықты қан жылатушы саудагер қазақты, аллаһның маңдайына жазған жазуын орындаушы деп, кешіруіміз керек екен.
КӨРСОҚЫР. Қазақтың бар байлығын өзгелер сорып талан таражға салып жатса да, алған тиын-тебеніне мәз болып отыра беретін кез келген көрсоқыр қазақты, аллахтың маңдайына жазған істі адал орындап отыр деп, жазаға тартпауымыз керек екен.
ЖЕМҚОР. Банкіден үстемелеп асап, тендрден қомағайлана жұтып, ішіп - жеп, асып - тасып тірлік жасап, қампиған қарнына мәз болған, кез келген жемқор қазақты, аллаһтың маңдайына жазған жазуды орындаған кінәсіздерден деуіміз керек екен.
ЕКІЖҮЗДІ. Жаумен-сыбырласып, пайдакөспен-ауыз жалғасып, жансызбен -хабарласып, қара басының қамын жеп жүрген кез келген екіжүзді қазақты, Аллаһтың маңдайына жазған жазуды ардақтаушы деп, шыдап отыруымыз керек екен.
БАРЫМТАШЫ. Шағын ауылды қан қақсатып, қорасын тып-типыл етіп мал ұрлап күн көріп жүрген кез келген барымташы қазақты, аллаһтың маңдайына жазған жазуды орындап жүрген пенде деп, бостандықта жүре беруін тілеуіміз керек екен.
ҰРЫ. Қолы -жылдам, ақылы-түлкі, ұрпағы өзіне тартқан –ұры, қай жерден - қағып кетсем, қай жерден - іліп кетсем деп елдің елдігін құртып, қарнын “боққа” толтырып жүрген кез келген ұры қазақты, аллаһтың маңдайына жазған жазуын орындаушы деп, тиіспеуіміз керек екен.
ЖЕЗӨКШЕ. Ендігімен пұл тауып, қазақтың болмысын кірлетіп, шежіресін жұлмалап тодырып жүрген, беті - жылтыр, жаны – түтін, ендігі қағынған жалапты, аллаһтың маңдайына жазған жазуын нақ орындаушылардан деп, оларға шаң жуытпауымыз керек екен.
ЖЕТЕСІЗ. Бөге халық басына шығып билеп: ұлыңды - құл, қызыңды - күң жасаймын десе де, намысы селт етіп оянбайтын кез келген жетесіз қазақты, аллаһтың маңдайына жазған үкімін тапжылжытпай орындаушы деп жайбарақат отыруымыз керек екен.
КІСІ ӨЛТІРУ. Бұл пенденің жасаған қанды қол қаракеттін Аллаһтың өзі маңдайына жазғандықтан, кір жұққызбай ақтап алып, ортамызда талтаңдатып қоюымыз керек екен.
Кісі тонау, қиянат жасау, өзіне қол жұмсап өлу, бопсалау, құлдыққа салу, әйелге талақ жасау, тағыда басқа түсініктердің барлығы, алаһтың маңдайға жазған жазуынан болғандықтан, айыпты пенде жоқ.
Әрине, бұл айтылған дәлел, адамдық кейіптен кеткендерге ұнауы тиіс, себебі, олар жасаған кез келген қатыгез іс, аллаһтың маңдайына жазған жазуы болып шығып, ақталуға жатады.
Тіпті, жасаған қатыгез істері шамадан тыс асып кетіп, кінам мен күнәм кешірілмейтін болды ау деп есептеп жүргендердің өздері, бір жерге мешіт салып, не жұма сайын үйіп төгіп садаха берсе болғаны, аллаһтың рахымымен оп оңай оңбаған істерінен құтылады екен.
Демек, ұрлықпен салынған үйіңді -жиһазға, дастарханыңды -асқа, қоржыныңды пара үшін алған -көк қағазға толтырып, тірлік жасап жүре бер, себебі сен аллаһтың маңдайыңа жазған жазуын орындадың, кешірілуге тиіссің.
Сонымен, күндегі шаруам таңғалу, бүгін тағы таңғалдым!!
Себебі, Ғафиздің арқасында: -адамның қамын ойлайтын, тәлімнің балын үйіретін, тәрбиенің адам естісе нанғысыз өнегесін көрсететін, кешірімділіктің әкесін танытатын, керемет діннің ұлы қағидасы мемлекетімізде дүрілдеп жүріп жатқанына қуанып, таңғалып қана қоймай, риза болып отырмын, оии жатырмын, айтпақшы тұрмын.
Ия, таңғалу күнделікті ісіме айналды.
Рахмет саған Хафиз, ұшбу хатың көзімді ашып, бойымнан қорқыныш кетіп, менде маңдайыма жазылғанды, осы жерге жаздым. Кінәсізбін.
