МӘЖІЛІС КАНДИДАТЫ КЕЛЕСТЕ...
Бүгін «Nur Otan» партиясынан ҚР Паламенті Мәжілісіне депутаттыққа үміткер ретінде тіркелген Бақытжанова Мөлдір Бақытжанқызы Ұшқын ауылдық округіне қарасты Ұшқын ауылында үйме-үй жүріп Ақансері және М.Әуезов көшелеріндегі сайлаушыларға «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырып, партияның алға қойған мақсаты мен атқарар істері жайлы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Келес ауданының «Jas Otan» Жастар Қанатының белсенділері мен еріктілері кандидаттқа қолдау білдіріп, сайлаушыларға партияның сайлау қорының қаржысына дайындалған үгіт-насихат материалдарын үлестірді.
