МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТЫҒЫНА ҮМІТКЕРЛЕР - ТЕРЕКТІ АУДАНЫНА БАРДЫ
МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТЫҒЫНА ҮМІТКЕРЛЕР - ТЕРЕКТІ АУДАНЫНА БАРДЫ
Бүгін, ағымдағы жылдың 17 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі депутаттығына үміткерлер - Мәлік Құлшар мен Жаңабек Жақсығалиев Теректі ауданына қарасты Фёдровка ауылына барды.
Үміткерлердің ауыл-аймаққа жасалған сапарларының басты мақсаты - ауыл тұрғындарына алда келе жатқан сайлау және қазір жүргізіліп жатқан сайлау науқаны туралы ақпараттар беру. Сонымен қатар, тұрғындардың сұрақ-ұсыныстарына құлақ түре жүріп, "Nur Otan" партиясының алдағы 5 жылға жоспарланған бағдарламасымен таныстыру.
- Халықтың белсенді сайлауға қатысуы және еркін таңдау жасау алуы - жеткілікті ақпараттық жұмыстарға байланысты, - дейді үміткерлер.
Бұл ретте, ауыл тұрғындары үміткерлерге өздерінің әлеуметтік және кәсіпкерлік бағыттағы сұрақтарын қойып, ұсыныстарын ортаға салды.
Үгіт-насихат жұмыстарымен келген үміткерлер, тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, 2021 жылдың 10 қаңтар күні өтетін сайлауға қатысуға шақырды.
#bizbirgemiz #nurotan #nurotanbqo қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!
преодолев испытания, победим вместе!
#bizbirgemiz #nurotan #nurotanbqo
қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!
преодолев испытания, победим вместе!
