МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТЫҒЫНА ҮМІТКЕР ҚОНАҚТА
Бүгін ҚР Мәжіліс депутаттығына үміткер - Ертаев Сырым Махамбетұлы Көкбұлақ және Қабанбай ауылының ақсақалдарының үйінде қонақта болып, канвассинг кездесу өткізді. Түскі ас үстінде ауыл ақсақалдары үйлеріне қонақ болып келген кандидатқа бала күннен бүгінге дейін кешкен қызықтары мен жұмыс тәжірибелерін еске түсіріп, отбасы мүшелерімен таныстырды. Одан бөлек ҚР Мәжілісі депутаттығына үміткер "Nur Otan" партиясының Түркістан облысы бойынша жасалған Сайлауалды бағдарламасындағы 5 жылдың ішінде атқарылылар жоспарларымен таныстырды. Сонымен бірге ҚР Мәжілісінің депутаты болған жағдайда Қазақстан Республикасының экономикасы мен ауылшаруашылық саласын дамыту барысындағы атқарар тәжірибесімен бөлісті. Одан бөлек, қонақта болып қайтқан үйегелерін 2021 жылдың 10 қаңтарында өтетін сайлауда "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырды.
