Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТЫҒЫНА ҮМІТКЕР КӨКБҰЛАҚТА КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Бүгін ҚР Мәжіліс депутаттығына үміткер - Ертаев Сырым Махамбетұлы Көкбұлақ ауылдық мәдениет клубында "Көкбұлақ" ЖОМ білім саласының өкілдерімен агитациялық кездесу өткізді. Кездесу барысында кандидат алдымен ауыл тұрғындары алдында өзін таныстырып, одан кейін "Nur Otan" партиясының алдағы 5 жылға жоспарланған Сайлауалды бағдарламасымен, оның ауылшаруашылық саласындағы бөлімін алға тартты. Сайлауалды бағдарламаның бірінші бөлімі - экономикалық тұрақты аудан. Тұрақты экономикалық даму және халықтың өмір сүру деңгейін арттыру – «Nur Otan» партиясының негізгі бағыты болып табылады. Түлкібас ауданында ауылшаруашылық қайта өңдеу зауыттарының ашылуы және сауданың дамуы 2020 жылы тұрғындарды жоғары сапалы азық-түлік өнімдерімен (ет, сүт, жұмыртқа), яғни 17,1 мың тонна ет, 52,5 мың тонна сүт, 17,1 млн. дана жұмыртқамен қамтамасыз етеді. 2025 жылға жаңа 1580 жұмыс орындарын ашып, жұмыссыздықтың деңгейін 4,9%-ға төмендету жоспарланды. 2019 жылы ауданымыздың орташа айлық жалақысы 117 149 теңгені құрады, 2025 жылға 2 есеге жеткізуді жоспарланып отыр.

Бұл үшін «Nur Otan» партиясы:

Ø мал шаруашылығының дамуына мүйізді ірі қара малдарды 50,0 мың басқа дейін (01.01.2020 жылы 48,3 мың бас) жеткізуге;

Ø 2025 жылға дейін 4 малшаруашылығы базасын ауылдық округтерде (Майлыкент, Жабағылы, Ақбиік, Азаттық) салуға;

Ø инфрақұрылым сақтау бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін 5 жыл ішінде дамыту үшін Шақпақ ауылдық округінде 1 көкөніс қоймасын салу мен жаңартуға;

Ø мемлекеттік бағдарламалар жоспары бойынша «Сыбаға» бағдарламасымен 265 бас, «Құлан» бағдарламасымен 112 бас, «Алтын асық» бағдарламасымен 1200 бас сатып алу.

Ø 2025 жылға дейін жеке инвестициялар есебінен шамамен 4 өңдеуші кәсіпорын ашу, оның екеуі сүтті қайта өңдеу кәсіпорыны, екеуі көкөністі қайта өңдеу кәсіпорыны болмақ;

Ø өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың 5,0%-дан астамын кәсіпкерлік қызметке, оның ішінде ауылдық өндірістік кооперативтерге тартуға ықпал етеді.

Нәтижесінде 2025 жылға дейін ауылшаруашылық өнімінің көлемі 1,7есеге артып, 76,1 млрд. теңгені құрайды, орташа айлық жалақысы 234 298 теңгеге жеткізіліп, жұмыссыздық деңгейі 4,9%-ға дейін төмендейді. Кездесу соңында ауыл тұрғындары өз тараптарынан кандидатқа ұсыныс-тілектерін білдіріп, Nur Otan-ды қолдайтындарын жеткізді.

0
0
103

Еще по теме

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТЫҒЫНА ҮМІТКЕР КӨКБҰЛАҚТА КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ - Yvision.kz