МҰСЫЛМАНША ЖАҢА ЖЫЛ САНАУЫ БАСТАЛДЫ
Бүгін мұсылмандар үшін жаңа жыл басталды. 1439-шы жылға аяқ бастық. Һижри жыл санауы бойынша Зул-хижжа жылдың соңғы айы болса, Мухаррам айы ең алғашқысы, яғни жылдың басы болып есептеледі. Милади жыл санауы сияқты мұсылман күнтізбесі (Һижра) бойынша әрбір жыл 12 айдан тұрады. Аспандағы ай он екі рет жаңадан көрінгенде, бір жыл толған болып есептеледі. Әр айдың өз атауы бар. Олар: Мухаррам, Сафар, Рабиғул-әууәл, Рабиғус-сәни, Жумәдәл-улә, Жумәдәл-ахира, Ражәб, Шағбан, Рамазан, Шәууәл, Зул-қағда, Зул-хижжа.
