МӘСЛИХАТТАРДАҒЫ МАНДАТТАРДЫ БӨЛУ
Қарағанды облысы бойынша барлық деңгейдегі мәслихаттардағы фракциялар құрамы 50% - ға жаңартылды.
Партияның депутаттық корпусы 6 жылға жасарды, бүгінде халық қалаулыларының орташа жасы 45 жасты құрайды.
«Nur Otan»-нан сайланған депутаттардың 26% – әйелдер, 17% - 35 жасқа дейінгі жастар. 28 депутат – партияға жаңадан кірген, праймериз аясындағы әлеуметтік лифтіні пайдалана отырып, партияішілік іріктеудің барлық кезеңдерінен өткен азаматтық белсенділер, қоғамдық пікір көшбасшылары.
Депутаттық корпусқа білім және ғылым, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт, ҮЕҰ, БАҚ, кәсіподақ, өнеркәсіп өкілдері, сондай-ақ кәсіпкерлер, фермерлер, көпбалалы аналар, қандастар, ерекше қажеттіліктері бар адамдар және т.б. кірді.
пост с фб https://www.facebook.com/nurotan.qaragandyoblysy.5/posts/207346254462260

