МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА ҮМІТКЕР АУДАН СПОРТШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА ҮМІТКЕР АУДАН СПОРТШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ «Nur Otan» партиясы атынан Мәртөк аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Рашид Айтқалиев аудан спортшыларымен ZOOM бағдарламасы арқылы онлайн кездесті. Үміткер сайлауалды бағдарламада тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған бірнеше бағытты сайлаушыларға жан-жақты баяндап, ұсыныс тілектерін тыңдады. Партия өз жұмысын алдағы бес жылға халықтың денсаулығын нығайтуға, азаматтарды спортпен жаппай айналысуға тартуға бағдарлайтын болады. «Nur Otan» партиясы Жайсан, Сарыжар ауылдарында дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін салуға және ауылдық жерлерде кемінде 7 көпфункционалды спорт алаңдарын орнатуға өз үлесін қосатын болады. Партияның сайлауалды бағдарламасы аясында жоспарланған бұл шаралар халықтың спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуін 1 мың адамға шаққанда 33,5% - ға дейін ұлғайтуға және дене шынықтыру мен спортпен жүйелі түрде айналысатын барлық жастағы халықтың қамтылуын 37% - ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді – деді «Nur Otan» партиясы атынан Мәртөк аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Рашид Айтқалиев. #NurOtan #NurOtanMartuk #ГолосуйЗаNurOtan #NurOtanДауысБер #JenimpazBol #tanday2021 #BizBirgemiz #JasOtan
