МҰНАЙШЫ МЕКЕНІНДЕ
Қарақия ауданындағы сапарымыз Мұнайшы ауылында жалғасты. N7 мектеп ұжымымен салиқалы сұхбат болды. Мұғалімдер қауымы табиғи ерекшелікке байланысты жалақыға қосымша пайыз қосу мәселесін, ауылдың сыртындағы қоқыс алаңын жоюға ықпал ету туралы сұрады. Одан бөлек: "Ресеймен бір одақта болғанымыз дұрыс па?"- деген геосаяси сұрақтар болды. Көтерілген мәселелер бойынша жауап беріп,
Nur Otan
партиясының болашақтағы бағдарламасын таныстырып, түсіндіру жұмыстарын жүргіздім.
