МҰНАЙЛЫДА 150 ТӨСЕКТІК АУДАНДЫҚ АУРУХАНА САЛЫНАДЫ
Облыстың барлық аймағын қамту мақсатында бөлініп, қалалар мен аудандарда кездесулер ұйымдастырды.
Бауыржан Байбек бастаған топ 2007 жылы Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығымен құрылған Мұнайлы ауданына жол тартты. Қандастармен кездесіп, партияның жетістіктері туралы баяндап, сайлауалды бағдарламамен таныстырды.
Сапар барысында 13 жыл бұрын құрылған ауданның бүгінгі кейпін көріп, тұрмысқа қолайлы жағдай жасалып жатқанына көз жеткізді. Инфрақұрылымы толықтай жүргізілген, жолдар кезең-кезеңімен салынуда, мектеп-балабақшамен толық қамтылған, медициналық орталықтар да аудан халқының өсуіне орай бой көтеруде. Тұрғындар үшін жасалатын жұмыстар қатары мұнымен тоқтамақ емес. Партия ауданның экономикалық-әлеуметтік дамуы үшін әлі де көптеген жобалар жүзеге асырады.
Кездесуде ауыл тұрғыны Құлжан Егізқараев аурухана салу, тағы бір тұрғын Мөлдір Қызыл педагогтардың мәртебесін көтеру заңы бойынша сауалдарын жолдады. Бірінші орынбасар аудан үшін әзірленген бағдарламада 2023 жылға дейін Маңғыстау ауылынан көпсалалы 150 төсектік аудандық аурухана салынатынын айтты. Ал «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасына 2019 жылы 31 желтоқсанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойғанын, қазіргі таңда заң іске асыру кезеңінде екенін, жарты миллионнан аса ұстаздың жұмысына қатысты әрі 21 баптан тұратынын жеткізді.
