МҰНАЙЛЫ СУДЫ АҒЫЗЫП, ЖЕРІМІЗДІ ЛАСТАДЫ
Ақтөбе облысында қытай инвесторы қолындағы «СНПС Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ға қарасты кәсіпорындар жер астындағы коллектордан мұнай қалдықтарымен ластанған суды жасырын түрде далаға айдап келгендігі анықталды. Және ластанған суды жіберіп жатқандарын білмесін деп, цех орналасқан аумақты топырақпен жауып отырған.
