МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА СПОРТ КЕШЕНІ САЛЫНАДЫ
«Nur Otan» партиясының «тең мүмкіндік сыйлаймыз» деген жаңа бағыттағы өзгерістерімен таныстырды.
Шахан Жолдасбаев пен Марғұлан Жетесовға арнайы кездесуге барған үміткерлер сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Партияның негізгі жеті бағытын атап өтіп, олар үшін пайдалы шаралардың да жасалатынын ескертті. Одан бөлек білім, медицина, қаланың қауіпсіздігі мәселелеріне ерекше тоқталды.
- Дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған спорт кешенін салу жоспарда тұр. Үйде әлеуметтік қызмет көрсететін, қалалық әлеуметтік көмек орталығының жанында жалғыз басты зейнеткерлерге, мүгедек балаларға арналған демалыс үйірмелерін ұйымдастыруға ықпал етеді. Партияның алдағы бес жылға қойған жоспары көп,-деді Галиф Джафаров.
Өзінің жүзудегі жетістігін көрсеткен Шахан Жолдасбаев бокс тан олимпиада чемпионы Галиф Джафаровты таңқалдырды. Мүмкіндігі шектеулі жандардың қатарына кіргенімен, шет мемлекеттердің көбінде болған. Сөз арасында өзінің бүгінгі таңдағы жұмысы туралы да айтып өтті.
