Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫНА МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Бүгін «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында үйден білім алатын мүмкіндігі шектеулі балалардың жағдайына жүргізілген мониторинг барысында аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің Байқоңыр қаласы бойынша сектор меңгерушісі Е.Біләлов, «Nur Otan» партиясы Байқоңыр филиалы консультанты А.Сейлова Төретам кенті бойынша үйден білім алатын мүмкіндігі шектеулі балалардың жағдайымен танысты.

Жүргізілген зерделеу жұмыстары барысында ата-аналардың айтылған ұсыныстары мониторингтік топ тарапынан назарға алынып, тиісті мекемелерге жолданатын болады.

Алдағы уақытта «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында Ақай ауылдық округі бойынша үйден білім алатын мүмкіндігі шектеулі балалардың жағдайымен танысуы жоспарлануда.

0
0
153

Еще по теме

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫНА МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ - Yvision.kz