МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АЗАМАТТАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Айтбаев Данияр, Турлыбеков Болат, Хангельдиева Дина, Катаев Алибек, Ділмұрат Омаров жұмыс жоспарларына сәйкес мүмкіндігі шектеулі жандармен кездесті. Ондағы мақсат "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру, үгіт-насихат жұмысын жүргізу және өтініш-мәселелерін тыңдап, шешу жолдарын қарастыру.
1. Аудандық филиалда өткен басқосуда Леңгер қаласынан келген 2-топ мүгедегі Ақтөре Шалдарбек Елбасының тең мүмкіндіктер құру үшін "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасында айтқан нақты тапсырмаларынан хабардар екенін, расында да жыл сайын мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қамқорлық аясының кеңейіп жатқанына алғысын білдірді.
2. Ал қаладағы Жамбыл көшесінің тұрғыны, 1-топ мүгедегі Людмила Морозова мүгедек арбасымен жүретіндіктен қалалық емханадағы лифтінің істен шығып тұрғанына наразылығын білдірді. Ол сонымен қатар үйінің тұсынан ағатын Леңгерка өзенінің бойы күл-қоқысқа толып қалғанын жеткізді.
3. Бірінші Мамыр ауылы Қонаев көшесі 51 үйден келген Халида Құрбаналиева мүгедек перзентінің қараушысы ретінде сұрақ қойды. Ол жедел жәрдем көлігін жиі шақыртатынын, дегенмен ондағы медқызметкерлер ұдайы дәрі-дәрмексіз келетінін жеткізді. Сонымен қатар ол жағдайы жоқ болғандықтан үйіне табиғи газ кіргізе алмай отырғанын тілге тиек етті.
4. Ниязова Рашида ауданнан мүгедектерге арналған оңалту орталығы ашылса, деген ұсынысын айтты.
5. Қуанышбек Сұлтан есімді мүмкіндігі шектеулі баланың анасы Шалқар Жанар деген азаматша Брайл әдісімен оқытатын мұғалім болса, Бірінші Мамыр ауылы Жангельдин көшесін асфальттап берсе, өйткені бұл көшеде мүгедек арбасына таңылған 3 адам тұратындықтан қасымызда тиіп тұрған ауруханаға тас жол арқылы жету қияметтің өзі , деді. Сонымен қатар осы көшені жарықтандырса,--деген тілегін жеткізді.
Мүмкіндігі шектеулі жандар мен мүгедек бала қараушы ата-аналар тарапынан түскен барлық сұрақтарға кандидат әрі білікті дәріген Данияр Айтбаев жауап беріп, мәселелердің оң шешілуіне ықпал ететінін, ал оңалту орталығын ашу алдағы уақыттың еншісінде екенін еске салды.
Кандидаттар партияның ұстанған бағыты, бағдарламасы туралы үгіт-насихат жүргізді.
Толығырық: https://www.facebook.com/tolebi.nurotan/videos/947964328941659
