Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АЗАМАТТАРҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан -2050: Бір болашақ, бір мудде, бір мақсат» атты халқына арнаған Жолдауында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жан-жақты қамқорлық көрсету айтылған  болатын.

Осы орайда  1 және 2 топтағы мүмкіндігі шектеулі немесе өз күшімен халыққа қызмет көрсету орталығына келе алмайтындар мен ҰОС ардагерлеріне үйде мемлекеттік қызмет көрсету мүмкіндігі туды. Аталмыш санаттағы азаматтар үйден шықпай-ақ мемлекеттік қызмет түрлеріне тапсырыс бере алады.

Ол үшін тек тұтынушыларға ұялы байланыс немесе үй телефоны арқыла 1414 бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалып, өзінің деректерін хабарлап, қызмет алу үшін қажетті құжаттардың тізбесін біліп, өтінім қалдыруға болады. Тапсырыс түскен уақыттан бастап 10 минут ішінде тіркеліп, ХҚКО мобильді тобы үйде өтінішті қабылдау мақсатында 72 сағат ішінде мемлекеттік қызмет көрсетеді.

Ал орталыққа өз бетімен келе алатын мүгедектерге де жан-жақты жағдайлар жасалған. ХҚКО-ның ғимараттарының кіреберісінде арнайы шақыру батырмасы орналастырылған. Оны басу арқылы мүмкіндігі  шектеулі азаматтар орталық қызметкерлері тарапынан  ғимаратқа кіруге көмек алады.

Толық ақпаратты www.egov.kz электронды үкімет порталы арқылы немесе ақпарат алу үшін жергілікті ХҚКО жүгінуіңізге және 1414 біріңғай байланыс орталығына тегін қоңырау шалуыңызға болады.

 

ХҚКО-ның Байзақ аудандық

бөлімінің инспекторы

А.Байсеркеев

 
0
0
407

Еще по теме

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АЗАМАТТАРҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ - Yvision.kz